jasqazaq.kz

Бақташы малдың бір бөлігін сатып жіберген

17 шiлде 2020, 9:30

Түркістан облысында малдың бір бөлігін сатып жіберген бақташы ұсталды.

Шардара АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, отар қойының ішінен 570 бас қойы жоғалғанын хабарлайды. Жәбірленушінің айтуынша, биыл сәуір айында ол малдарын жергілікті тұрғынға бағуға сеніп тапсырған. Алайда үш айдан соң малдарын санағанда бір бөлігі жоқ болып шыққан.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы “Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету” бойынша СДТТБТ-да тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Шардара АПБ полиция қызметкерлері қой ұрлауға қатысы бар бақташыны, яғни Шардара ауданының тұрғынын құрықтады.

Анықталғандай, күдікті малдардың көп бөлігін иемденіп, сатып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 28, 5 миллион теңгеден асты. Қазіргі уақытта бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті қолхатта. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтауда. Түркістан облысының полицейлері ауылдықтарға қырағы болуды және өз малдарын бейтаныс адамдарға бақтырмауды ұсынады.

Сондай-ақ, мүмкіндігінше үй малын таңбалап, ен салдыру керек, ал қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтыңыздар. Егер сіз де малыңызды жоғалтып, ұрлатып алсаңыз тез арада “102″ телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

Ақпарат көзі Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде