jasqazaq.kz

Бақташы бағып жүрген қойларын иесінен жасырып сатып келген

28 сәуiр 2020, 11:06

Түркістан облысының полицейлері иесінен жасырып, қойын сатып жүрген бақташыны ұстады. Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданды.

Ол өз арызында мал жайылымға 500-ден астам қойын тексеруге барғанында, қой мен қозысы жоқ болып шыққанын жеткізді. Оқиға орнына жеткен полицейлер қажетті іс-шараларды жүзеге асырды.

Куәгерлерден жауап алу барысында, бұл қылмысқа жәбірленушінің малын сеніп тапсырған бақташысының қатысы бары анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында бақташы қой мен қозыны Сарығаш ауданындағы танысына 35 000 теңгеге сатып жібергені белгілі болды.

Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде ұрланған малдарды тәркілеп алды. Қазіргі таңда бақташы мен сатып алушы Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті міндеттеме арқылы босатылды. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өздеріңіздің мал-мүліктеріңізді жақын таныс емес адамға сеніп тапсырмауды ескертеді.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия