jasqazaq.kz

Бақсы жоғалған қызды 15 жыл бойы үңгірде құлдықта ұстаған

08 тамыз 2018, 13:01

Индонезияның Орталық Сулавеси провинциясында егде жастағы бақсы, әрі халық емшісі 12 жасында жоғалып кеткен қызды 15 жыл бойы үңгірде секс-құлдықта ұстаған. 12 жасында жоғалып кетіп, осы уақытқа дейін бақсының қорлығын көрген 28 жастағы қыз жексенбі күні құлдықтан құтқарылды.

Бұл туралы Reuters хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жәбірленіші 15 жыл бойы 83 жастағы ешмінің үйінде түнеп келген. Ер адам тұтқындағы қызға Амрин есімді жас жігіттің суретін көрсеткен, ал жәбірленуші болса оны өзінің жігіті деп ойлаған. Осылайша, егде жастағы бақсы денесіне Амриннің рухы енгенін айтып, немересіндей қызды жыныстық қатынысқа түсуге мәжбүрлеген.

«Әлбетте, ол осылайша өз қалауын қанағаттандырған», – деді полиция басшысы.

Бақсы да 2008 жылдан бері қызбен жыныстық қатынаста болғанын мойындады. Полицияның хабарлауынша, жәбірленушінің әпкесі сіңлісінің жақын маңда жүргенін көршілеріне айтқан. Осыдан кейін полицейлер қызды іздестіріп, оны үңгірден тауып алды. Сондай-ақ, жоғалған қыздың әпкесі бақсының келіні болған және сіңлісігің қайда екенін білетін.

Қызды 15 жыл бойы құлдықта ұстаған емші оның жоғалуын ата-анасына басқаша түсіндірген. Ол жәбірленушінің отбасына қыздары Джакартаға жұмыс істеуге кетіп қалды деп айтқан. Жәбірленушінің ата-анасы бастапқыда қыздарын емдету үшін осы емшіге алып келген екен. Ер адам сол уақыттың өзінде арам пиғылын жүзеге асыруды көздеген көрінеді. Бүгінде оның қылмысы әшкереленіп, қамауға алынды. Енді ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде