jasqazaq.kz

Бақауов Павлодар әкімін қызметінен шеттетті

02 шiлде 2019, 18:36

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов аппараттық кеңесте Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевті қызметінен шеттетті. Ол қала басшысының өз сенімін жоғалтқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұған дейін қала әкімінің орынбасары болған Ермұрат Нұрханов Павлодар әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Облыс басшысы Әнуар Күмпекеевті қызметінен босатып, сенімін жоғалтқанын айтты.

Бақауовтың сөзінше, бұл құны шамамен 50 млн теңге болатын қымбат пәтердің сатып алынуымен байланысты. Сонымен қатар осы жағдайдан кейін әкімдікке 6 миллион теңгеге жиһаз сатып алынған. Өңір басшысы аталған екі дерек бойынша Күмпекеевке сөгіс жариялады.

«Әнуар Күмпекеев мемлекеттік саяси қызметкер ретінде сенімімді толықтай жоғалтты. Президент әкімшілігіне тиісті құжаттар жіберіледі», — дейді Бақауов.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда