jasqazaq.kz

БАҚ: Түркіменстанда тоқал алуға тыйым салынды

19 маусым 2018, 15:21

Түркіменстанның Отбасылық кодексіне тоқал алуға тыйым салатын норма енгізілді.

Газетте ел басшысы Гурбангулы Бердымухамедов қол қойған заңның мәтіні жарияланған. Қабылданған заң кодекстің 7-бабын толықтырып отыр. «Көп әйел алу ұғымы екі немесе одан да көп әйелмен бір уақытта тұру және ортақ шаруасының болуын білдіреді», — делінген түзетуде. Заң 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Түркіменстан тұрғындарының көпшілігі ислам дінін ұстанады, ал оның заңдары бойынша ер адамға 4 әйелмен некелесуге рұқсат етілген. Дегенмен елде тоқал алу үнемі қудаланып келді. Осылайша, Түркменстанның қазіргі Қылмыстық кодексі бойынша, тоқал алған адам ірі көлемде айыппұл төлейді немесе екі жылға дейін түзету жұмыстарына кесілуі мүмкін.

tengrinews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді