Шымкентте мейрамханалардың бірінде атыс болды. Бұл туралы «Отырарға» сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады.
Басылымның мәліметінше, қазір мейрамхана қоршауға алынды. Сондай-ақ, ол аумақта полицейлердің жүргені айтылады.
Расталмаған мәліметке сүйенсек, атыс салдарынан бір адам қаза тапты, тағы бір адам жарақат алып, ауруханада ауыр жағдайда жатыр.
Дереккөз мәліметінше, күдікті ұсталған, бірақ бұл мәлімет ресми түрде расталмады.