jasqazaq.kz

БАҚ: «Реал» Роналдудан құтылудың жолын іздеуде

18 қантар 2018, 11:11

«Реал» президенті Флорентино Перес команданың көшбасшы ойыншысы Криштиану Роналдуды сатуға рұқсатын берді. Мадридтік команда басшысы Роналдудың агенті Жорже Мендешпен кездесіп, ойыншыға жаңа клуб іздестіруді тапсырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

32 жастағы португалиялық ойыншының клуб президентіне өкпесі қара қазандай. Перес Роналдуға жаңа келісім ұсынып, айлығын көтеруді уәде еткенімен, сөзінде тұра алмаған. Роналдудың «Реалмен» қазіргі келісімі 2021 жылы аяқталады. Криштиану өзінің бұрынғы клубы «Манчестер Юнайтедке» қайтып оралады деген әңгіме жиі айтылуда. «Кейбір ақпарат көздері «Реал» ПСЖ клубына Роналдудың үстіне ақша қосып беріп Неймарға айырбас жасауды көздейтіндігін хабарлауда. Қалай дегенмен де бір нәрсе түсінікті сияқты, мадридтік команда шау тарта бастаған Роналдудан құтылудың жолын қарастыруда», — деп жазады сайт. Биылғы маусымда Роналду Испания біріншілігінде «Реал» үшін төрт-ақ гол соққан.

 

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды