
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыс етті.
«Болашақты саясаткерлер, өткенді тарихшылар, ал бүгінгіні журналистер ойлайды деген қағида бар. Бірақ, меніңше, журналистер болашақты да, өткенді де ойлайтын бірегей қауым деп айтуға болады. Халыққа ел ішіндегі оқиғалар жөнінде хабар таратып, шұғыл әрі шынайы ақпарат беру сіздердің кәсіби міндеттеріңіздің арқасы», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде. Сонымен биыл Мемлекет басшысының өкімімен Президент сыйлығы «Жас өркен» ЖШС-ның бас директоры Жүсіпбек Қорғасбекке, «Комсомолская правда — Казахстан» газетінің бас редакторы Виктор Кияницаға, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжанға, «Астана» телеарнасының редакторы Жайна Жақсылықоваға берілді.
Ал Президент гранттары «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Рауан Мыңбаевқа, «Қазақстан» тееларнасы «Мәселе» сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі Нартай Сәрсенғалиевке, «Қазақстан» ТРК Маңғыстау облыстық филиалының шеф-редакторы Әсем Сартбаеваға табысталды.