jasqazaq.kz

БАҚ: Арнайы операция кезінде қырғыз депутаты ұсталған

17 ақпан 2018, 15:14

Қырғызстан СІМ көрші елдің территориясында Жоғарғы Кеңестің (Қырғызстан парламенті) депутаты Асылбекұлы Дамирбектің ұсталуына байланысты Қазақстан елшілігіне нота табыс етті, деп хабарлады РИА Новости.

Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметтері бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері кеденмаңы саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күресті күшейту және еліміздің шекарасында контрабандалық әрекеттерді жою үшін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ірі масштабты арнайы операциялар жүргізді, 29 адам ұсталған, олардың екеуі Қырғызстанның азаматы. Қырғызстандық БАҚ мәліметтері бойынша, ұсталғандардың арасында депутат болған. «Министрлікке 16 ақпан күні кешке шұғыл түрде Қырғызстандағы Қазақстан Республикасы елшілігінің консулы Әбішев шақырылды. Кездесу барысында Әбішевке бұл мағлұматты растау немесе жоққа шығару жөніндегі, сонымен қатар, расталған жағдайда ұсталғандар туралы мәлімет беру, болған жағдайға қатысты тиісті түсіндіру мен толық ақпаратты беру жөніндегі Қырғызстан Республикасы СІМ-нің нотасы тапсырылды», — деді баспасөз қызметіндегілер. Қырғызстан СІМ мамандарының айтуынша, «Қырғызстан Республикасының министрлігі мен шет елдегі мекемелері бұл мәселені бақылауда ұстап отыр». Сонымен қатар, парламентарий құрамына кіретін «Қырғызстан» фракциясындағылар бұл мәліметтің тескерілетінін айтты. «Қандай да бір қателік кеткен болар. Ұсталғандар жөнінде бізге барлығы белгісіз. Біз бұл ақпаратты тексереміз», — деп келтірді фракция өкілінің сөзін 24.kg.

tengrinews.kz

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды