jasqazaq.kz

Байзақова Ләйлә Сұлтанқызын сынап тастады

22 қараша 2018, 12:19

Атышулы Айжан Байзақова 7-арнадағы «Өз ойым» бағдарламасының жүргізушілері Ләйлә Сұлтанқызы мен Алмас Алтайды сынады.

Оның айтуынша, танымал тележүргізуші мен оның әріптесі этикадан жұрдай екен.

«Маған отандық телеарналарды көрме дегенде тыңдамап едім. Сөйтсем, бекер олай айтпапты. Таңғы сағат 05:00-те «Өз ойым» бағдарламасын көремін деп жағамды ұстадым. Тележүргізушілер бұл жерге қалай келген? Барып тұрған «гомофоб». Бұл орынға қалай келдің? Аузын ашқан сайын сөйлемесе екен деп отырдым. Жүргізуші әйел бұрыннан танымал екен. Бірақ ешқандай этика жоқ. Ол ұлттық арнада қалай жұмыс істеп келе жатыр. Телевидение сіздің жеке Instagram-парақшаңыз емес. Бағдарламаға келген қонақты әдейі агрессияға итермелейді де, артынан сабырға шақырады. Бұл не сұмдық? Сіз бағдарламаға қатысуға шақырған адам неге міндетті түрде қазақша сөйлеуі керек? Ендеше аудармашыны шақырыңдар. Осы бағдарламаның құрметті жүргізушілері журналистикаға келместен бұрын бірінші дұрыс сөйлеуді үйреніңіздер. Өздеріңіздің діни көзқарастарыңыз бен тәрбиелеріңізді тықпалағанды қойыңыздаршы», – деп жазды Айжан Байзақова өзінің Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, ол теріс пікір қалдыратын өз оқырмандарынан біреудің өміріне араласпауларын сұрады.

sn.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді