jasqazaq.kz

Байқоңырдағы мектептерде қауіпті қалдықтар заңсыз сақталған

16 қараша 2019, 19:40

Байқоңыр қаласындағы білім мекемелері құрамында сынабы бар қауіпті қалдықтарды мектеп ғимаратында заңсыз сақтаған. Осылайша 8 049 оқушы мен 1307 қызметкердің денсаулығына қауіп төндірген.Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Байқоңыр қаласы прокуратурасы өз қадағалау аумағындағы білім ұйымдарының қауіпті қалдықтарды жою заңдылығының жай-күйіне талдау жүргізген болатын. Талдау барысында бірқатар білім мекемелерінде құрамында сынабы бар 2530 дана люминесцентті шамның біршама уақыттан бері жойылмай, заңсыз сақталғаны анықталды. Олардың пайдалану мерзімі өткен, барлығы жойылуға тиіс.

«Сынап пен оның қоспаларында адам ағзасында жиналуға және ағзасына зиян келтіруге қабілетті аса қауіпті уыты жоғары заттар бар. Созылмалы уланудың өрбуінде сынаптың кез келген нысандарынан құралған әртүрлі бұйымдардан, оның ішінде құрамында сынабы бар шамдардан бөлініп шығатын сынап буы аса қауіпті. ҚР Экологиялық кодексінің 293-бабы 2-1 бөлігіне сәйкес, құрамында сынабы бар қалдықтар бөлек жиналып, мамандандырылған кәсіпорындарға кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге тапсырылуға тиіс», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Ғабит Ұзақбай.

Білім беру ұйымдары аталған заң талаптарын басшылыққа алмай, қауіпті қалдықтарды мектеп ғимаратында заңсыз сақтаған. Соның салдарынан 8 049 оқушы мен 1307 қызметкердің конституциямен кепілдік берілген құқықтары бұзылған.

Прокурорлық ықпал ету актісі енгізіліп, нәтижесінде білім бөлімі мен арнайы мекеме арасында келісімшарт жасалды. Қауіпті қалдықтар жойылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда