jasqazaq.kz

Байқоңырда жоғалған баланың қалай көз жұмғаны анықталды

22 ақпан 2021, 10:52

Байқоңырда бір күн бұрын жоғалып кеткен жеті жасар Ерхан Анастың неден көз жұмғаны анықталды. 

Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше, баланың денесі Байқоңыр өткелінен 500 метр қашықтықта Сырдария өзенінің жоғарғы ағысындағы мұз жиегіндегі судан табылған. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды.

Оқушының денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ол суға батып кеткен.

«Жүргізілген сот-медициналық сараптама нәтижесінде өлімнің себебі суға батқан кезде тыныс алу жолдарының сумен жабылуына байланысты механикалық асфиксия екендігі анықталды. Балада басқа дене жарақаттары жоқ. Ерхан Анасқа қатысты зорлық-зомбылық жасалғанын куәландыратын деректер жоқ», — деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сондай-ақ авиациялық техниканы, сүңгуірлерді, Байқоңыр тұрғындарының еріктілерін қатыстыра отырып, екінші баланы іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 20 ақпанда Байқоңырда «Маяк» спорт кешенінде өткен жаттығудан кейін жеті жасар екі бала жоғалып кетті. Ресейдің Тергеу комитеті екі жас баланың жоғалып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Келесі күні Қызылорда облысының ТЖД хабарлағандай, балалардың бірі — жеті жасар Ерхан Анастың денесі Сырдария өзенінен табылды. Екінші баланы іздестірумен ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдары айналысып жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия