jasqazaq.kz

Байқоңырда күшейтілген карантин тағы екі аптаға ұзартылды

30 тамыз 2021, 17:41

Кейінгі екі аптада Байқоңыр қаласында 14 адам коронавирус салдаырнан көз жұмған. Осыған байланысты қаладағы шектеу шаралары тағы екі аптаға ұзартылып отыр. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Байқоңыр қаласының әкімшілігі «Байқоңыр» кешенінің бас санитар дәрігерінің ұсынысы негізінде Байқоңыр қаласы аумағындағы күшейтілген дайындық режимін 12 қыркүйекке дейін ұзартты. Бұл қала аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу бойынша қолданыстағы шектеу іс-шаралары сақталады деген сөз.

Оған қоса сағат 21.00-ден 8.00-ге дейін кешен аумағына көліктің кіруіне және адамдардың №3 бақылау-тексеру пункті арқылы өтуіне шектеу енгізіледі. Жергілікті жедел штаб Байқоңыр қаласында эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отырғанын мәлім етті.

Кейінгі екі аптадағы ресми деректерге сүйенсек, 13-27 тамыз аралығында 278 адам коронавирус жұқтырған. Яғни пандемия басталғаннан бері қалада вирус жұқтырғандардың жалпы саны 1945-тен 2223 адамға дейін өскен. Сондай-ақ, 14 күн ішінде 11 өлім тіркелген. Пандемия басталғаннан бері шаһарда мұндай өлім көрсеткіші тіркелмеген болатын. Инфекциялық стационарда 48 адам ем алып жатыр. Байқоңыр қаласының жедел штабы инфекцияның алдын алу бойынша барлық шараларды сақтауға, жаппай вакцинациялауды жалғастыруға шақырып, қала тұрғындарына қоғамдық орындарға барудан шұғыл түрде бас тартуға кеңес беруде.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия