jasqazaq.kz

Байқоңырда қос азаматтықпен жүрген әйелге айыппұл салынды

18 шiлде 2022, 13:33

Байқоңырда қос азаматтықпен жүрген әйел анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілде айында ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің көші-қон қызметінің қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде белгіленген мерзімде Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны туралы хабарламаған Байқоңыр қаласының 26 жастағы әйел тұрғынын анықтады.

Шетелдіктен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынды, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу тіркелді. Тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша 200 АЕК (612 600 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, елде қос азаматтыққа жол берілмейді. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес, басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда көші-қон қызметі бөлімшелерін алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде хабардар ету қажет.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр