jasqazaq.kz

Байқоңырда карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды

16 қантар 2021, 14:37

Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының қаулысымен шаһар аумағында коронавирус инфекцияна қатысты шектеу шаралары 1 ақпанға дейін ұзартылды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұған дейін Байқоңырда карантин 2021 жылдың 18 қаңтарына дейін енгізілген болатын. Эпидахуалдың өршуіне сырттан әкелінген жаңа жағдайлар себеп болған.

Ресей федералды медициналық-биологиялық агенттігінің «Байқоңыр» кешені өңірлік басқармасының мәліметінше, 2020 жылдың 26 желтоқсанынан 2021 жылдың 15 қаңтар аралығында 38 байқоңырлық тұрғын коронавирус жұқтырған. Тіркелген жағдайлардың жалпы саны 1124-тен 1162 адамға дейін артты. Инфекциялық стационарда 7 адам емделіп жатыр, соңғы үш аптада өлім жағдайлары болған жоқ. Пандемия басталғаннан бері Байқоңырдың 70 тұрғыны коронавирус ауруынан қайтыс болды.

Байқоңырда қолданыстағы шектеу шаралары сақталуда. Жедел штаб тұрғындарды жабық үй-жайларға барғанда маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, санитарлық ережелер мен жеке гигиенаны қатаң сақтауға шақырады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия