jasqazaq.kz

Байқоңыр қаласында мешіт салынатын болды

04 қараша 2021, 16:37

Байқоңыр қаласындағы тұңғыш мешіттің құрылысына дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан Республикасының бастамасы мен қала әкімшілігінің қолдауымен Гагарин көшесінде жаңа сәулет нысанын, мұсылман мешітін салу жобасы әзірленді, — деп хабарлады Байқоңыр қаласының әкімшілігі.
Мешіт құрылысы қала құрылысын аймақтарға бөлу картасын, сондай-ақ Байқоңыр қаласының жерді пайдалану мен құрылыс жүргізу ережелерін өзгертуді талап етті. Қазіргі уақытта осы құжаттар бойынша мәселелер шешілуде, дейді sputnik.kz.

«Мешіт құрылысы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен және жеке тұлғаның қаражаты есебінен жүргізіледі», — деп хабарлады Қазақстан президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі Қызылорда облыстық басқармасы.
Мешіт 2000 орынға есептелген, құрылысты 2022 жылы аяқтау жоспарланған.

Қазір құрылысқа арналған жер телімі анықталып, жобалау алдындағы құжаттама дайындалуда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде