jasqazaq.kz

«Байкерлер» тұтқындалды (видео)

21 сәуiр 2020, 17:47

#үйдеотыр

Нұр-Сұлтан полицейлері карантин режимін сақтауға арналған рейд шаралары кезінде «Suzuki», «Yamaha», «Harley-Davidson», «Kawasaki», «Honda CBR» маркалы мотоциклдердің 15 жүргізушісін ұстады.

Олардың әрқайсысында жұмысқа барып-қайтуға рұқсат қағазы бар, бірақ жүргізушілер жұмыстан тыс уақытта да қала ішіндегі қозғалысын тоқтатпай, карантин режимін бұзған.

Жазадан қашу үшін жүргізушілердің кейбірі көлігінің мемлекеттік нөмірін баумен және металл тормен жасырып қойған.

Нәтижесінде жүргізушілер техникалық талаптарға сай емес және оқылмайтын немесе мемлекеттік нөмірлердің ұлттық стандартына сай келмейтін көлік айдағаны үшін ҚРӘҚБК 590-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, полицейлер кешкі уақытта бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен «Suzuki» маркалы мотоциклдің 32 жастағы жүргізушісін ұстады. Мотоциклдің құжаттарын тексеру барысында сақтандыру полисі жоқ екені белгілі болды.

https://youtu.be/cBRu6f4Za4E

Сот шешімі бойынша жүргізуші ҚРӘҚБК 476-бабы 1-тармағы төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 5 тәулікке қамалды. Сонымен қатар ол ЖҚЕ бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия