jasqazaq.kz

Байбек жылдамдық режимі өзгеруіне қатысты пікір білдірді

20 тамыз 2019, 16:45

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі және Шығыс айналма автокөлік жолындағы жылдамдық режимі өзгеруіне қатысты пікір білдірді.

Экс-әкім Tengrinews.kz тілшісімен Instagram желісіндеі сұхбаттасу кезінде әлеуметтік желілердегі талқылауларды көріп отырғанын айтады. «Менде Twitter және Instagram желілерінде парақшаларым бар, Facebook-ты да оқып отырамын. Кез келген мәселеге түрлі пікірлер айтылады. Әсіресе, ол мәселе адам өмірі мен денсаулығына қатысты болса. Сіздер Алматының адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы саны жөнінен тек Қазақстан бойынша емес, әлем бойынша да көш бастап тұрғанын білесіздер ме? Бұл Алматының ғана емес, бүкіл Қазақстанның рейтингін түсіреді», — дейді Байбек. «Жылдамдықты азайту жол қауіпсіздігі тиімділігін арттыруға бағытталған басты алты қадамның бірі. Біз кез келген шешім қабылдаған кезде әлемдік тәжірибеге, заманауи трендтерге сүйенетінбіз. Қауіпсіздік — «Алматы 2020″ бағдарламасының басты бағыты. Швецияның тәжірибесіне сүйене отырып, Vision Zero жүйесін енгізе бастадық». «Nur Otan партиясына ауысқаныма екі ай уақыт болып қалды. Бүгінде Алматыны әріптесім Бақытжан Сағынтаев басқарып отыр. Шешімді қабылдайтын да сол, сол аумақ үшін жауап беретін де өзі. Қоғамдық кеңес бар, мәслихат бар. Мұнда қандай да бір ақыл-кеңес беру артық болар деп ойлаймын», — деді Бауыржан Байбек.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда