jasqazaq.kz

Байбек полицейлер жайлы: «Параны жайдан-жай ешкім алмайды, өздері береді»

20 ақпан 2019, 13:09

Алматы әкімі Бауыржан Байбек полция қызметкерлерінің жұмыс жайлы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Қалада күн сайын полицейлер автоматпен жүрмейді, күнде адам өлтіру деректері болмайды. Біз еш қорқынышсыз жүреміз мұның бәрін біреу қамтамасыз етеді ғой. Бірақ басқа топтар да бар, оларды әшкерелеуіміз керек, оларға пара бермеуіміз қажет. GPS бар, бейнежазба бар барлығы жазылады. Қорқудың еш қажеті жоқ, кейбір полицейлер психолог, олар заңды біледі. Олар адамдардың пара бергісі келетіндерін біледі және бермейтіндерді де байқайды. Олардың ұялы телефонға түсіретінін байқап жұмыстан босатылатыны білгеннен кейін, олар ондай адамдардан пара алмайды», — деді Байбек тұрғындардан парақорлықпен бірге күресуді сұрап. «Адамдар полицейлерді сынайды, бірақ арыз жаз десе жазбайды. Арызды дәлелдеу үшін артық жұмыс істегісі келмейді. Заңды қолдануға шақырамын. Парақорлық мәселесі жөнінде маған көп жазады. Сұрақты нақты шешу үшін олар арыз жазбайды. Ол кезде адамдар оның балалары бар ғой, ол да адам ғой деп шығады», — деді Алматы қаласының әкімі. «Менің айтарым параны өздігінен ешкім алмайды, оларға параны сұққылай береді. Егер параны сұрап жатса ұялы телефонға түсіріп, желіге таратыңыз. Біз бірден жұмыстан босатып, тексеріс жүргіземіз. Тек осындай жұмыс істеп, тәртіп орнатамыз. Ол үшін тұрғындардың көмегі керек. Мен әр полиця қызметкерінің қасына әкімдіктің қызметкерін тұрғыза алмаймын», — деді Байбек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде