jasqazaq.kz

Байбек депутаттарды сынады

26 қыркүйек 2019, 14:44

«Nur Otan» төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өз жұмысына жауапсыз қарайтын партия мүшелерін саяси ұйым қатарынан шығарып тастау қажеттігін айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Бүгін партиялық бақылау комитетінің отырысында Қызылорда облысынан байланысқа шыққан жергілікті комиссиясының төрайымы Аида Әбибулаева бірқатар мәслихат депутатының жұмысына арызданды.

Партияның жұмысына жауапсыз қарайтын депутаттардың аты-жөнін де жариялады.

«Жалпы, 1 539 адамның мәселесі шешілді. Депутаттар өз кезегінде 646 адамды қабылдап, сан алуан сұрақтардың шешілуіне өз септігін тигізді. Алайда кейбір басшылар мен депутаттар партияның қоғамдық қабылдауында азаматтармен кездесуге және халықтың арыз-шағымдарына формалды түрде қарайды. Мәселен, депутаттар Жансақалов, Мақашев пен Махамбетов халықпен кездесуге бірнеше рет келмей қойған. Облыстық департамент басшылары Орынов, Бәйменова, Өтегенова, Мелдібекова мен Сұлтангереев тура солай істеді», — деді Әбибулаева.
Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осы мәселеге қатысты өз ойын білдірді.

«Сіз нақты фактілер мен фамилияларды атадыңыз. Өте дұрыс. Олардың қоғамдық қабылдауға неге келмегенін зерделеу керек. Егер ол партия мүшесі ретінде білсе, кестені көрсе, ал қоғамдық қабылдауға келмеген болса, оның партиялық жауапкершілігін қарау қажет. Тіпті, партия қатарынан шығарып тастауға дейін шара қолданған жөн», — деп атап көрсетті Байбек.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда