jasqazaq.kz

Бай қалыңдық күйеуін отбасымен қоса «сатып алды» (видео)

30 қантар 2018, 12:31


Қытайда 38 жастағы бай әйел 23 жастағы бозбалаға тұрмысқа шығып алды. Қалыңдық жұбайын отбасымен қоса «сатып алған» деп хабарлайды NUR.KZ.

Жаңа келін өз енесінен, яғни күйеужігіттің анасынан бір жас кішкентай. Сондай-ақ оның бұрынғы күйеуінен 14 жасар ұлы бар екен.

Кей мәліметтерге сүйенсек, қалыңдық бұрынғы жігітімен кездесіп жүріп аяғы ауыр болып қалады. Содан кейін заңды түрде некелерін бекітуге мәжбүр болыпты.

Алғашында 23 жастағы жігіттің ата-анасы ұлдарының өзінен бірнеше жас үлкен әйелге үйленуге қарсы болған. Алайда келіндері болашақ жары үшін 100 мың долллар қалың мал мен Ferrari автокөлігін берген кезде, қайын жұрты оны құшақ жая қарсы алатынын мәлім еткен.

Айта кету керек, қалыңдық өз жерінде өте бай әйелдердің бірі саналады. Тіпті той суреттерінен-ақ оның қаншама алтын бұйымдармен жасанып алғанын байқауға болады.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды