jasqazaq.kz

Бай америкалықтар біздің балаларды тірі ойыншық ретінде алып жатыр

08 мамыр 2021, 22:52

Қазақстандағы үлкен проблема бейкүнә жас қазақ балаларын шетелдерге – Америкаға, Еуропаға, Израиль­ге беріп жатқанымыз. Шын мәнінде, бай америкалықтар біздің балаларымызды тірі ойыншық ретінде алуда. Өздері туып, қиналмай, нәрестені бағып-күтпей, даяр балаларды бізден сатып алады. Өйткені шетелде бала­лар­ға беретін жәрдемақы өте жоғары, сондықтан 2-3 бала асырап алса, соның ақшасына тәтті өмір сүруге болады. Америкалықтар Қазақстаннан алған балалардың қан­ша­сын көшеге тастап кетті және өл­тір­ді?

Біз бай елміз деп мақтанамыз, Ауған­стан, Тәжікстан, Қырғызстанға көмек береміз. Жақсы. Ал өз жетім балаларымызды асырай алмаймыз, қар­жы жоқ деп шетелге мыңдап жібе­ріп жатырмыз. Бұған қоса рес­пуб­ликада халық аз дейміз де, шетел­де жүрген қазақтарға азаматтық бер­мейміз. Жұмыс қолы керек деп, сырт­тан жат миг­рант­тарды шақы­ра­мыз. Бұл – үлкен қа­телік.

Қазіргі талқыланып жатқан заң жобасының орнына, шетелге қазақ балаларын жібермеу туралы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдер секілді заң қабылдау керек. Пар­ла­мент депутаттары, патриот екен­де­ріңізді көрсетіңіздер. Керек болса, бәріміз бір-бір баладан асырап алайық.

 

Дереккөзі: Egemen.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия