jasqazaq.kz

Бағдат Мәнізоровтың ұсталуы: Әкімдіктегілер пікір білдірді

26 қыркүйек 2019, 15:45

Желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел осы қауесеттерге қатысты пікір білдірді. «Ресми түрде Бағдат Мәнізоров жұмыс сапарымен жүр. Мен онымен кеше сөйлестім. Бүгін осындай мәліметтер шығуына байланысты, мен, баспасөз жетекшісі ретінде, құқық қорғау органдарына хабарластым. Егер расталмаса, жалған ақпарат таратушы тұлғаларды жауапкершілікке тартатын боламыз», — деді Ғалымұрат Жүкел. Өз кезегінде Антикоррупциялық қызмет басшысының орынбасары Олжас Бектенов шенеуніктің ұсталған ұсталмағаны туралы әзірге хабардар еместігін айтты. «Қолған ақпарат түсе салысымен, сіздер білесіздер, агенттік ашық түрде жұмыс істейді, сол себепті бізд БАҚ өкілдеріне мәліметтерді береміз», -деді ол. 2019 жылы шілдеде Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол кәсіпкерлікті дамыту бойынша жетекшілік етті. Манзоров тағайындалғанға дейін Алматы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын басқарды. Бағдат Мәнізоров 1962 жылы Талдықорған облысы, Құйбышев ауылында дүниеге келген. Әр уақытта «Шаған» сауда үйінің президенті, Ақсу ауданының әкімі, «Айсер» ЖШС Бас директоры қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, 2008-2017 жылдары аралығында Алатау ауданының әкімі болды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда