jasqazaq.kz

Бағдат Мәнізоров қызметінен кетті

10 ақпан 2020, 11:17

Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыс басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін, 10 ақпанда аппарат кеңесі барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оның орынбасары Бағдат Мәнізоров өз еркімен қызметінен босатылғанын мәлімдеді», — деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Мәнізоров 1962 жылы Талдықорған облысы Куйбышев ауылында туған.

Еңбек жолын 1985 жылы кооперация органдарында бастаған, Қазтұтынуодағы басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 1992-1999 жылдары «Шаған» сауда үйінің президенті болған.

1999-2001 жылдар арасында — Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің орынбасары, 2001-2004 жылдары — Алматы облысы Ақсу ауданы әкімі. Ал 2004-2008 жылдар арасындағы «Айсер» ЖШС бас директоры қызметінде болған.

2008 бен 2017 жылдарда Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі лауазымын атқарған.

2019 жылы шілдеде Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия