jasqazaq.kz

Бағдаршамның ерігені туралы ақпарат жалған болып шықты

19 шiлде 2019, 14:32

Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Қайрат Дуйсенбаев қалада аптап ыстықтан бағдаршамдар балқып жатыр деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол Сарығашта ауа температурасы +35, +40 градус ыстық екенін атап өтті. Қайрат Дуйсенбаев бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратпен таныс екен.

«Сарыағашта бағдаршамдар күн ыстығына балқып жатыр» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Сарыағаш қаласында республикалық маңызы бар А-15 тасжолында бағдаршам бар. Осыдан екі күн бұрын жүк көлігі сол бағдаршамға соғылып, сындырған. Бүгін Шымкент қаласынан бағдаршам алғызып, жаңасын орнатып жатырмыз. Сондықтан «Сарыағашта күннің ыстығынан бағдаршам балқып кетті» деген ақпарат өтірік», — дейді Қайрат Дуйсенбаев.
Айта кетейік, бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында Сарыағаш қаласында ауа температурасы +55 градусқа дейін көтерілгені жазылды. Салдарынан қаладағы бағдаршамдар балқып кетті деген ақпарат тарады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде