jasqazaq.kz

Бадам өзенінде балықтар қырылып жатыр

09 наурыз 2021, 10:32

2021 жылдың 8 наурызында «Instagram» әлеуметтік желісінде gappar_nomad/аңшылық балық аулау парағында) Бадам өзенінде маринка балығының өлгені туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайы ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми Telegram каналына сілтеме жасап. Ондағы деректерге қарағанда, сол күні Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімі (бұдан әрі – Инспекция) Шымкент қаласының экология департаменті, табиғатты қорғау полициясы және ветеринарлық қызмет өкілдерімен бірлесіп, оқиға орнына барды. Экология, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және ветеринарлық қызмет өкілдері зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су мен балықтан сынама алды. Айта кету керек, өзеннің кейбір учаскелерінде судың түсі қоғырқай тартқан. «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС Арал филиалының алдын ала қорытындысына сәйкес, жаңбыр және тасқын су салдарынын судың сапасы мен температурасының өзгерген. Бұл жағдай өз кезегінде балықтардың тіршілік әрекетіне әсер етеді, яғни балықтар осы себептен қырылуы м.мкін. Балықтардың балықтардың қырылуының нақты себебі зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Ағымдағы жылғы 8 наурыз күні сағат 20:00-дегі жағдай бойынша Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының цемент зауыты ауданында инспекция қызметкерлері 20 кг маринка балығын жинады. Өлі балықтарды жинау жалғасуда.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия