jasqazaq.kz

Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жол» бағдарламасына қатаң бақылау керектігін ескертті

25 шiлде 2017, 14:56

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асуын қатаң бақылауды министрлер мен әкімшіліктерге тапсырды. Бұл туралы jasqazaq.kz тілшісі хабарлайды.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуын қорытындылаған Бақытжан Сағынтаев «Баяндамалардан көріп отырғанымыздай, толыққанды жұмыстар жүргізілуде. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша игеру көлемі 99,9 пайызға өсіп отыр. Бірақ жылдық көлеммен есептеген кезде — 33,4 пайыз. Негізгі іс-шаралардың барлығы екінші жартыжылдыққа жоспарланған. Сол себептен алда үлкен жұмыстар күтуде», — деді.

Алдағы уақытта көп шаруа жасалу керектігін алға тартқан Премьер-министр «Ұлттық экономика, Қаржы министріне, бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктердің барлығына игеру жұмыстарын және жобада көрсетілген нысандардың барлығын уақытында іске асыруға қатаң бақылау жасауды тапсырамын. Бұл сұраққа келесі тоқсанда тағы да оралатын боламыз», — деп түйіндеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде