jasqazaq.kz

Б.Сапарбаев: Жұмыс бар, істейтін адам жоқ

30 қазан 2017, 17:36

Ақтөбе облысында жұмыс берушілер қызмет орындарын ұсынғанымен, жұмыссыздар бас тартуда. Бүгін баспасөз мәслихатында аталған өңірдің әкімі Бердібек Сапарбаев осылай мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Бос жұмыс орындары мен жұмыссыздар санын салыстырсақ, ұсынылған қызметтер артықтау, яғни еңбек нарығында жұмыс орындары баршылық. Жалпы, жұмыссыз адамдарға жалақы көлемі немесе еңбек жағдайы ұнамайды. Бұл жайында өткізілген еңбек жәрмеңкелері нәтижесі бойынша анықтадық. Өңірдегі жұмыс берушілер қызмет орындарын ұсынғанымен, өкінішке қарай, жұмыссыздар бас тартады»,-деді Б. Сапарбаев елордада Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның сөзіне қарағанда, Ақтөбе облысында ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны 23 мыңды құрады. «Бірақ олардың саны жыл сайын азайып келеді»,-деді ол. Облыс әкімінің айтуынша, экономика өсімі мен әлеуметтік тұрақтылық өңірдегі жұмыспен қамтуды сақтап қалуға мүмкіндік берді. Жұмыссыздық 4,8 пайыз деңгейінде. Өткен айда 15,2 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 75 пайызы тұрақты жұмыс орындарына жатады. Жыл соңына дейін 1,3 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ. Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың тоғыз айында Ақтөбе облысының экономикалық өсімі бес пайызды құрады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде