jasqazaq.kz

Б.Сапарбаев: адамның жасы мен жинаған сомасы ескеріледі

03 қыркүйек 2019, 12:35

Зейнетақы қорындағы ақшаны берген кезде, адамның жасы мен жинаған сомасы ескеріледі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысынан кейін вице-премьер Бердібек Сапарбаев айтты.

«Президент тапсырма берді. Үкімет мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізуде. Зейнетақы қорындағы ақшаны берген кезде, адамның жасы мен жинаған сомасына қараймыз. Бірінші кезекте тұрғын үй, білім беру және медициналық қызметтерді сатып алуға қаражаттың жұмсалуын қарастырамыз», — деді Бердібек Сапарбаев.

Вице-премьер бұл мәселе мұқият зерделеуді талап ететінін, соның негізінде нақты ұсыныстар әзірленетінін айтты.

«Біз қарауымыз керек, бұл зейнетақы қорындағы жинақталған қаражатқа байланысты. Бұл жерде азаматтардың өмір бойына зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету үшін және тұтастай зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын бұзбау үшін нақты шешім қажет», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында үкіметке жыл соңына дейін зейнетақы қорына жинаған қаражаттың бір бөлігін мақсатты түрде пайдаға жаратуын қарастыруды тапсырған еді.

«Қазір жұмыс істейтін адам зейнеткерлікке шықпайынша, қорға жиған ақшасын пайдалана алмайды. Бірақ адамдардың зейнетке шықпай тұрып, жаратқысы келетіні түсінікті. Сондықтан үкіметке жыл соңына дейін зейнетақы қорына жинаған қаражатының бір бөлігін мақсатты түрде пайдаға жаратуын қарастыруды тапсырамын», — деген болатын Қазақстан Президенті.

baq.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда