jasqazaq.kz

Б.Сағынтаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына алаңдаушылық білдірді

19 қараша 2018, 12:39


Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.
ҚазАқпарат хабарлағандай, «Жол құрылысы бойынша ешқандай кедергі жоқ, қаржы бөлінген, барлығы уақытымен жүргізіліп жатыр. Қосымша облысаралық жолдардың да құрылысы басталып кетті. Бағдарламада көрсетілген мәселелердің барлығы уақытында шешілетін болады. Көліктік-логистикалық инфрақұрылым бойынша да көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Энергетика инфрақұрылымы бойынша да жұмыс жүргізілуде. Енді бізді алаңдататын мәселе — бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығымен байланысты. Олардың тозығы жеткендерінің мөлшері 60-тан 57 пайызға төмендеді», — деді Премьер-Министр. Үкімет басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде бұл мәселеге баса назар аударып, бірқатар тапсырма бергенін еске салды. «Бөлінген қаржы, бекітілген тариф осы құрылымдарды жаңғыртуға жұмсалуы қажет. Бұл жөнінен қосымша жұмыстар атқарып жатырмыз. Осы мәселелерді қатаң бақылауға алуларыңызды сұраймын. Асқар Ұзақбайұлы (ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары),бақылауға алыңыз», — деді Бақытжан Сағынтаев Үкімет мүшелеріне қарата.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде