jasqazaq.kz

Б.Сағынтаев: «Менде бұл жолдың тезірек біткенін қалаймын»

17 ақпан 2021, 13:32

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде «Алтын Орда» базары маңында салынып бітпеген жолайрығы жайлы айтты.

Әкімнің халыққа есеп беру кездесуіне Алматыда жұмыс істейтін Алматы облысы тұрғынының бірі келді. Ер адам «Алтын Ордадағы» көлік жолайрығын салу жұмыстарына байланысты күн сайын жолға төрт сағат уақытын жұмсауға мәжбүр екенін айтып, сұрақ қойды.

«Күн сайын уақытымның екі сағатын қалаға, екі сағатын үйге қайтуға жұмсаймын. Ойланып қарасаңыз, күн сайын өмірімнің төрт сағаты жолда өтеді. Кептелісте тұру денсаулығыма да, жүйке жүйеме де кері әсерін тигізеді. Сол жолмен «маңызды» адамдар өтетін кезде, барлық жол босатылады. Ал қарапайым халық, біз сияқты, жол кептелісінен арыла алмайды. Сіз әлеуметтік желілерді бақылап, осы проблемаларды көріп отыратын шығарсыз? Сондықтан осы мәселені шешуіңізді өтінемін. Біз бұдан шаршадық», — деді ол әкімге.

«Шынымды айтсам, бұдан бәріміз де шаршадық», — деп жауап берді Сағынтаев «Алтын Орда» базары жанындағы жолайрығының құрылысына қатысты.

Бақытжан Сағынтаев бұл мәселені қала тұрғындары бұрыннан көтеріп келе жатқанын айтты.

«Біз Instagram-парқашамызда атқарылған жұмыстар туралы есеп жариялағанда, жазба сипатамасының соңында міндетті түрде «Алтын Ордадағы» жолайрық құрылысы қашан аяқталады деген сұрақтар болады. Өкінішке қарай, бұл аумақ қалаға емес, облысқа кіреді. Мен де сіздер сияқты, олардан көлік жолайрығы құрылысы қашан аяқталатынын сұраймын. Ол жұмыстарды мердігерлер министрлік бақылауымен жүргізіп жатыр. Ақша жеткілікті, бірақ мердігерлер бұл қаражатты игере алмайды, жұмысты аяқтауға күші жетпейді немесе басқа себебі бар. Жұмыс әлі де жалғасып жатқаны осыдан», — деді ол.

Алматы әкімі жолайрық құрылысын аяқтау мәселесі премьер-министр Асқар Маминнің сапары кезінде де көтерілгенін айтты.

«Жақында қалаға премьер-министр келгенде, біз бұл мәселені қайта көтердік. Егер жолайрық құрылысы аяқталса, онда кептеліс те, азаматтар наразылығы да аз болады деп айттық. Бірақ министр құрылыс осы жылдың соңында аяқталады деп уәде берді. Сондықтан сәл шыдамдылық танытайық. Менде бұл жолдың тезірек біткенін қалаймын», — деді Сағынтаев.

2017 жылғы күзде «Алтын орда» маңында көлік жолайрығы мен 10 жолақты тасжол құрылысы басталды. Бастапқыда екі жылдан кейін жолайрық толығымен пайдалануға беріледі деп уәде берілген. Алайда 2019 жылдың аяғында құрылыс жұмыстары әлі аяқталмады. Мұның бір себебі, екі жанармай құю станциясы иесінің өтемақыға байланысты, нысанды сүруге рұқсат бермеуі.

Мәселе шешілгеннен кейін құрылысты аяқтаудың жаңа мерзімі белгіленді. Жоба 2020 жылдың жазына дейін аяқталады деп уәде берді. Бірақ былтыр көктемде карантинге байланысты «Алтын Орда» базары маңына блокбекет қойылып, құрылыстың аяқталу мерзімі 2020 жылдың соңына қайтадан ауыстырылды. Жақында жобаның толық аяқталуы 2021 жылға жоспарланғаны белгілі болды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия