jasqazaq.kz

Б.Сағынтаев: коммуналдық тарифтерді төмендетпей отырған әкімдерді сынады

25 желтоқсан 2018, 11:37

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев коммуналдық тарифтерді төмендетпей отырған облыс басшыларын сынға алды.

ҚазАқпарат  жазғандай, үкіметтің бүгінгі отырысында келесі жылдан бастап барлық коммуналдық тарифтерді төмендету мәселесі қаралды. ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, қазірдің өзінде бірқатар облыстарда тарифтер төмендеп отыр. Ал келесі жылдан бастап барлық аймақтарда коммуналдық қызметтер арзандайды. Алайда Атырау мен Қызылорда облыстарында газдың бағасы төмендемейді. Себебі Атырауда газдың тарифтері онсыз да төмен, ал Қызылордада барлық инвестициялық бағдарламалар орындалды. Сол себепті тарифтерді төмендетуге резерв жоқ. Алайда Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ондай уәжбен келіспеді. «Сіздер ол жақта онсыз да тариф төмен дейсіздер. Мәселе онда емес. Мемлекет басшысы нақты тапсырма берді. Енді, xалық осы тапсырманың орындалғанын күтпей ме? ПИК тарифтері бар, басқа да коммуналдық қызметтер бар. Әкімдіктер нақты шешім шығармаса, Президенттің тапсырмасын орындамады деуге болады. Құрметті әкімдер, сол үшін жауап бересіздер! Біз тиісті анықтаманы әзірлейміз. Басқа аймақтар тарифтерді төмендетті. Ал кейбір облыстар әртүрлі сылтаулармен бұрынғы тарифтермен қалды. Бұны қалай түсінуге болады? Бір сөзбен айтқанда, монополистердің жетегінде кеттіңіздер», — деді Б. Сағынтаев. Үкімет басшысы жылдың аяғына дейін тиісті шешімдерді шығаруды тапсырды. Ал әкімдер атқарылған жұмыстар бойынша есеп беретін болады. «29 желтоқсанда Үкіметтің тағы бір отырысын өткіземіз. Сол отырыста бүгін көрсетілген таблицаларда кімде шешім жоқ, сол әкімдер баяндама жасасын», — деп атап көрсетті Б.Сағынтаев. Айта кетейік, жақында ҚР Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық тарифтердің төмендеуіне қатысты нақты есепті жариялады. Осы орайда вице-министр С.Жұманғарин екі бөлмелі пәтер үшін коммуналдық тарифтердің қалайша өзгеретінін мысалмен көрсетті. Бұдан бөлек, министрлік екі облыста газдың арзандамауына қатысты түсініктеме берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде