jasqazaq.kz

Б.Сағынтаев ішкі істер министрлігінің жұмысын сынға алды

27 наурыз 2018, 13:02

Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрлігінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі су тасқынына байланысты баяндама жасаған болатын. Облыс әкімі төтенше жағдайлар департаментінде мотопомпа, гидрокомбинезон, қайық – бәрі тапшы екенін айтты.
Үкімет басшысы ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменовтен мұның себебін сұрады.
«Бұл мәселе бойынша біз демалыс күні ұлттық ұлан ұшағымен Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар облыстарынан жеке құрам мен техникалар жеткіздік», — деді Сүлейменов.
«Ол дұрыс енді, жоқ болғаннан кейін басқа облыстардан алып отырсыз ғой. Ал Даниал Кенжетайұлы айтып отыр, норма бойынша осынша болу керек, ал шын мәнінде өте төмен деп. Министрлік тарапынан қандай шаралар жасалып жатыр», — деп нақтылады премьер.

Бірақ ІІМ вице-министрі қолында дайын баяндамасы болмаған соң, жауап бере алмай қиналды.
«Әрине, алдыңызда баяндама жоқ, сонда сіздер қалай басқарасыздар? Баяндамада жазылғанды оқисыздар, жазбаса жағдайдың не болғанын білмейсіздер. Осыдан кейін төтенше жағдайға душар боламыз, техника жоқ, комбинезон жоқ, мотопомпа жоқ. Қиын жағдай болса, көрші облыстардан сұрап аламыз», — деп ашуланды Сағынтаев.

 

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді