jasqazaq.kz

Б.Сағынтаев: азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне жол берілмеуі тиіс

02 қазан 2018, 12:40


Жергілікті атқарушы органдар азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне жол бермеуі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев айтты.

ҚазАқпарат жазғандай, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері бағасының өсу проблемасы халық үшін өте маңызды мәселе. Сол себепті азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне жол бермеуге ең алдымен жергілікті атқарушы органдар жауапты екенін естеріңізге саламын. Оны өздеріңіз де баяндамаларыңызда айтып отырсыздар»,- деді Үкімет басшысы. Осы ретте Премьер-Министр облыс басшыларына бағаны реттеу үшін өңірлік тұрақтандыру қорларының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, тауарларды уақытында сатып алу, жаңарту және негізгі азық-түлік түрлерін түгендеуді дер уақытында жүргізуді тапсырды. «Осы жұмыстардың барлығы сіздердің тұрақты бақылауларыңызда болуы қажет. Мониторингті күшейтуді қолға алуларыңызды сұраймын»,- деді Бақытжан Сағынтаев облыс басшыларына.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде