jasqazaq.kz

Б.Сағынтаев: Босаңсуға болмайды

18 шiлде 2017, 17:12

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің ағымдағы жылдың 6 айындағы жалпы ішкі өнімі өсімін оң бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Статистикалық мәліметтер көрсеткіші жаман емес. Бұл ортақ жұмысымыз, Елбасының тапсырмасын орталық, өңірлердегі жергілікті атқарушы органдар бірлесіп атқардық. Өсім жоғарыда атап өтілгендей 4,2 процент болды. Дегенмен, негізгі жұмыстарды екінші жартыжылдықта атқаруға тура келеді. Біз дәл осы қарқынды ұстап тұруға тиіспіз. Сондықтан босаңсуға болмайды», — деді Бақытжан Сағынтаев. Сонымен қатар ол алдағы уақытта Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар тиісті шаралар қабылдауы қажет екендігін баса айтты. «Сонымен қатар бюджет қаржысының шығыс бөлігінің орындалуына мониторинг жүргізу қажет. Артта қалып жатқан жайттарды да көріп отырмыз. Әлі де жарты жыл уақыт бар», — деді Үкімет басшысы.

Бүгін, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
Бүгін, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
Бүгін, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі