jasqazaq.kz

БҚО-да киік мүйізімен төрт адам ұсталды

15 қыркүйек 2017, 15:17

Батыс Қазақстан облысында киік мүйіздерімен төрт адам ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері жүргізген рейдтік шаралар барысында 31 тамыз күні Жәнібек ауданында киік мүйізін заңсыз сақтап, тасымалдаған 1981 және 1992 жылғы тұрғындар құрықталды. Олардан 4 дана киік мүйізі тәркіленді. Сондай-ақ, 11 қыркүйек күні Бөкей ордасы ауданында төрт дана мүйізбен 1969 және 1992 жылғы тағы екі азамат қолға түсті. Тәркіленген мүйіздер сот-биологиялық сараптамаға жіберілді. Аталған деректер ҚР ҚК 339-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, кешенді жедел іздестіру, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде