jasqazaq.kz

Б.Есебаев: Қазақстанда төсек арқылы әншілікке келетіндер көп

10 қыркүйек 2020, 17:39

Бауыржан Есебаев бірнеше хит әндердің авторы. Ән әуенін ғана емес, әнге сөз жазады. Алайда бүгінде сазгерге тапсырыс беретіндердің қарасы азайған. Оның өзіндік себептері бар. Ал, әншілік жолға еңбекпен де, арзан жолмен де келетін әншілер көп дейді сазгер.

«Менің әйелім қызғаншақ емес. Желіде сондай жалған ақпарат тарады. Керісінше мен әйеліме «неге мені қызғанбайсың?» деп жүремін. Ол өте мейірімді, иманды әйел. Сондықтан иманды әйел себепсіз қызғанышқа бармайды. БАҚ-та мынадай ақпарат тарап, мені қарабет етіп көрсетті. Мен жұлдыздарға, болашақ әншілерге танылудың, жұлдыз болудың жолын үйрету мақсатында шеберлік сыныбын өткіздім. Оған өзім журналист інілерімді шақырдым. Сол дәрісте «ақшасыз танылуға бола ма?» деген сауал қойылды. Мен ақшасыз қалай танылуға болатынын талдап айтып бердім. Ән сөзі мен әнін жазып, мамандарға жаздырып, желі арқылы жарнамалап, шығуға болатынын айттым. Бірақ бұдан да оңай әрі тез жолы бар.

Бұл бұрын да болған, қазір де бар. Тек көпшілігі мойындамайды. Мәселен, әннің өтемін төсек арқылы өтеу. Төсек қатынасын ұсына отырып, ән жаздыру. Немесе ән жазып бере алатын қалталы азаматтарға сатылу деген сияқты. Маған да ән орнына төсек ұсынған қыздар бар. Олардың атын атамаймын. Мен дәл осындай арзан жолдан аулақ болуға шақырдым. Бұндай жолды таңдамай, керісінше ауыр болса да өзің еңбектен дегенді жеткіздім. Ал, телеарналар менің сөзімді монтаждап, төсек арқылу танылуға болады деп көрсеткен. Мені сондай арсыздыққа үйреткен адам секілді көрсетіпті», — деп күйінді композитор «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында.

Сазгердің айтуынша, өзінің қаламақысы 10 мың доллар. Оның ішінді ән жазудың барлық процесі бар. Мәтінін жазу, әнін жазу, оранжировкасын жазу, әншіге дайын етіп беру секілді жұмыстар атқарылады.

«Мен өзіме тапсырыс келмесін деп бағаны осылай көтеріп қойдым. Себебі ән жазу жауапкершілік. Оны кім орындайды, қалай орындайды, бәріне жауапкершілік артады. Маған тапсырыс аз болсын деп қаламақыны көтеріп қойдым. Сондықтан да маған ешкім 10 мың долларға ән жаздырған емес. Себебі 50 мың теңгеге, 100 мың теңгеге басқаларға ән жаздыра салады», — деді Есебаев.

Дереккөз: stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде