jasqazaq.kz

Б.Байбек: Көпбалалы отбасылардың балалары балабақшаға тегін барады

20 ақпан 2019, 11:06

Алматыда тұрмысы төмен отбасылар үшін екінші баласынан бастап балабақша тегін болады. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек тұрғындар алдындағы жыл сайынғы есепті кездесу кезінде жариялады. Бұлд туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қала басшысы соңғы екі апта ішінде 600-ден астам анамен ондаған кездесу өткенін атап өтті. «Жүздеген өтініштер сараланды, ең өткір мәселелер — тұрғын үй, коммуналдық қызмет төлемі, оқу мен жұмысқа орналасу. Барлық өтініштер, атаулы әлеуметтік көмек әдісінің өзгерісін қоса Үкімет жанындағы жұмыс тобына жіберілді. Әкімдік деңгейінде де қозғаушы күштер мен ресурстар бар, сондықтан біз бірқатар кешенді шараларды жасадық», — деді әкім. Сонымен қатар, қала басшысы көпбалалы немесе мұқтаж отбасылардың балаларын балабақшаға тегін апаруға мүмкіндігі болатынын айтты. «Өздеріңіз білесіздер, ата-аналар балабақшадағы баланың тамағы үшін 18 мың теңге ғана төлейді, қалған 27 мың теңгені мемлекет субсидиялауда. Тек өткен жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша бала бақшадағы 51 мың орынға 16 млрд теңге бөлінді. Биыл бұл сома 1,8 миллиардқа артты. Егер көпбалалы тұрмысы төмен отбасының екі және одан да көп баласы балабақшаға баратын болса, онда отбасылық бюджет жүктемесі де жоғары болады. Сондықтан «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тұрмысы төмен отбасылардың екінші баласынан бастап балабақша тегін болады», — деді Бауыржан Байбек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде