jasqazaq.kz

Азық-түлік қымбаттады

03 наурыз 2020, 10:45

Баға азық-түлік тауарларына бір жылда (2020 жылғы ақпан 2019 жылғы ақпанға) 8,6% өсті. Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жаңа жиналған көкөністер мен жемістер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант арзандады. 2020 жылғы ақпанда жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасына орташа бағасы килограмына 326 теңгені (2019 жылғы ақпанда – 243 теңге), сұлы жармасына – 352 теңгені (330 теңге), сөкке – 373 теңгені (254 теңге), күрішке 376 теңгені (323 теңге) құрады. Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы ақпанда килограмына 185 теңгені, 2019 жылғы ақпанда 236 теңген болды. 2020 жылғы ақпанда сүт өнімдерінен сүзбеге орташа баға килограмына 1615 теңгені (2019 жылғы ақпанда – 1579 теңге), қаймаққа – 1121 теңгені (1050 теңге), айранға – 300 теңгені (286 теңге), пастерленген сүтке 256 теңгеге (239 теңге) саудалануда.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия