Жұрт аурумен арпалысып жатқанда, елімізде азық-түліктің бағасы қымбаттап кетті. Қысылтаяң шақта құны шарықтаған тауарлар тізімінде жеміс-жидек, ұн, сиыр еті, шәй бар. Қазір аталған ішіп-жемнің 6 проценттен 21 процентке дейін қымбатқа сатылып жатқаны анықталды. Ас-судың құнын ұстап тұру үшін Үкіметтен 17 миллиард теңге бөлінсе де, нарықтағы баға тұрақсыз.Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.
Қысылтаяң шақта құны шарықтаған тауарлар тізімінде жеміс-жидек, ұн, сиыр еті, шәй бар. Қазір аталған ішіп-жемнің 6 проценттен 21 процентке дейін қымбатқа сатылуда.
Халық күнделікті тұтынатын тағамдарды жеке-жеке қарайық. Сонымен, соңғы жеті айда жеміс-жидек құны 21,3%, жарма — 20%, қой еті 11,8%, ұн — 11%, көкөніс 10,8%, макарон 10,1%, сары май 9,4%, жылқы еті 8,6%, ірімшік 8,4%, сиыр еті 7,6%, шай 6,8%, нан 3,8%, сүт 4,5%, ірімшік- 3,3%-ға артқан.
Мұндай ақпаратты Статистика комитеті жариялады. 2019 жылдың шілде айынан бері қарай әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы 11,3% артқан. Бұған елдегі инфляция деңгейі себеп болыпты. Өткен жылдың осы уақытынан бастап азық-түлік бағасының қай өңірде аса шарықтаған екен.
Пандемия жарияланғалы азық-түлік бағасын мемлекет қолдан келгенше бір деңгейде ұстауға тырысып келеді. Мемлекеттің бұған қауқары жетті ме деген сауалмен біз дүкен мен көк базарларды араладық. Сатып алушылар барлық тауарға құн қосылғанын айтады.
Базарлардан бөлек, сауда желілерінде де баға деңгейі бақылануда. Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы жеке ірі бизнес өкілдерін тауардың құны қолжетімді етуі үшін 17 миллиард теңге бөлінді дейді.
«Айналым схемасы» не екенін түсіндірсек. Әкімдік сауда желілерінің иелеріне жеңілдетілген несие береді. Әрине, кейінгі қайтарыммен. Ал, бизнес өкілі бұл мемлекеттің «жақсылығы» үшін аса маңызды деген азық-түлік бағасын ұстап тұруы тиіс. Күні кеше елдегі «Ranking.kz» сайты «қазақстандықтардың сатып алу деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға артты» деген ақпарат таратты. Дегенмен, сарапшы Марат Башимов бұл жалған статистика екенін айтады.
Азық-түлік бағасына қай оралайық. Ауылшаруашылық мамандары 708 мың тоннадан астам түрлі тағам қоймада бар дейді. Сондай-ақ ведомство шенеуніктері алдағы күзде тұтынуға аса қажетті картоп, пияз, сәбіз сынды тауарлардың баға арзандайды деп болжайды.