jasqazaq.kz

Азық-түлік бағасын заңсыз көтерген 180 кәсіпкер жазаланды

15 қыркүйек 2020, 10:46

Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ішкі сауда субъектілері бөлшек сауда бағаларының шекті деңгейіне сәйкестігін қалай қадағалайтынын айтты.

— Бағаны тұрақтандыру үшін сауда және интеграция, ұлттық экономика және ауылшаруашылық министрліктерінің бірлескен бұйрығымен төтенше жағдай кезінде тоғыз әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті баға белгіленді. Сонымен қатар, министрлік әкімдіктерге ішкі сауда субъектілерінің бөлшек сауда бағаларының шекті мөлшерін сақтауын бақылау бойынша ұсыныстар жіберді. Осы ұсыныстарды орындау үшін әкімдіктер мен министрліктің аумақтық бөлімшелері тұрақты түрде мониторинг жүргізеді, сол жұмыстың қортыныдысы бойынша 180 әкімшілік айыппұл салынды, — деді Сұлтанов.

Ол биыл 22 наурыздан бастап төтенше режим кезеңінде 7 тауардың экспортына тыйым салынған жеткізді. Олар — қарақұмық, қант, картоп, пияз (сарымсақ), күнбағыс тұқымы, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы. Сондай-ақ министр сәбіз, алшын, қызылша, қырыққабат, бидай ұны және жұмсақ бидайдың ай сайынғы экспортын квоталауға да тыйым салынғанын еске салды.

— Сонымен қатар, биылғы жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын әкелу мен сату кезінде қосымша құн салығының ставкасы 12% -дан 8% -ға дейін төмендетілді, — деп қорытындылады өз сөзін министр.

zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде