jasqazaq.kz

Азық-түлік бағасын көтерген кәсіпкерлер жазаланды

24 сәуiр 2020, 14:43

#үйдеотыр

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қаладағы кәсіпкерлік нысандарындағы заңбұзушылықтар туралы айтты.

«Төтенше жағдай кезінде кейбір кәсіпорындар тарапынан ереже бұзу жағдайларын анықтаудамыз. Қалада күн сайын қызметіне рұқсат етілген нысандардың санитарлық нормаларды орындауына қатысты полицейлер волонтерлермен және әкімдік өкілдерімен бірлесіп, рейдтер жүргізуде», — деді Б. Мәкен.

Оның сөзіне қарағанда, тиісті мерзімде санитарлық нормалардың сақталмауына орай 15 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды.

«Әкімдіктің мобильді топтары тұрақты түрде әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасының негізсіз өсуі мен санитарлық нормаларды орындамау фактілерін анықтауға қатысты рейдтер жүргізеді. Бағаны негізсіз өсірген бірқатар кәсіпкер жазаланды. Супермаркеттердің басшылары әкімшілік жазаға тартылды, айыппұл сомасы 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды», — деді Б. Мәкен.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия