
ОКҚ-де өткен брифингте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ–ның экономика және қаржы мәселелері жөніндегі бас директорының орынбасары Нұркен Мырзағалиев елімізде АИ-92 маркалы бензин бағасының қаншалықты өзгеретініне болжам жасады, деп хабарлайды Baq.kz.
«Болжам бойынша баға, яғни болашақ импортты ескерсек, АИ-92 бензинінің бағасы 1 литр үшін 155-157 теңгені құрайды», — деді ол.
Еске сала кетсек, сонымен қатар бүгін ОКҚ-да бензин бағасы Ресейде сатылатын жанар-жағармай мен доллар бағамына байланысты өзгеретіні айтылды.