jasqazaq.kz

Азия чемпионын автобус қағып кетті

22 қараша 2018, 15:23

Петропавлда зілтемірді шалқалай жатып көтеру (классикалық түрі) спортынан Азия чемпионы Виктория Шестопалова қаза тапты.

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин жазды. «Облыстық барлық спорт қауымдастықтары керемет жас спортшы — өңір мен ел мақтанышының қаза табуына байланысты қайғырып, көңіл айтады» — деп жазды Р.Есеналин. Полиция департаментінің баспасөз қызметі 23 жастағы бойжеткеннің жол-көлік оқиғасынан қаза тапқанын растады. «21 қарашада кешкі сағат 18:00 шамасында Петропавлда Жабаев-Чайковский көшелерінің қиылысында маршруттық автобус жүргізушісі 23 жастағы қала тұрғынын қағып кетті. Бойжеткен алған жарақаты салдарынан қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп түсіндірді баспасөз қызметі. «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді