jasqazaq.kz

Азия чемпионатында жанжал шықты

29 қазан 2019, 10:43

Шымкентте тхэквондодан Азия чемпионаты кезінде жанжал шықты. Дәл жарыс қарсаңында чемпионат өткізетін орын табылмай қалған, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Екі күн болатын чемпионатқа Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 400-ге жуық спортшы келді.

ITF тхэквондо федерациясының президенті Айдос Аманжоловтың айтуынша, жарысты өткізу үшін жергілікті университеттің залы жалға алынған. Кейін оқу орнының басшылығы келісімнен бас тартыпты.

Бұдан соң ұйымдастырушылар спорт мектебімен келісті. Алайда турнир басталар кезде қатысушылардың бәрі далада қалды. Ешкім себебін түсіндірмеген.

ITF тхэквондо федерациясының президенті бұл қасақана жасалған әрекет екенін айтып отыр. Ол бұған Шымкент және Түркістан облысы спорт бірлестіктері арасындағы бәсекелестік себеп болғанын алға тартты.

Жанжалдан соң чемпионат өткізетін орын табылды. Жарыс жеке оқу орнында өткізілді. Алайда шетелдік қатысушылар мұндай жайттан кейін Шымкентке жарысқа келмейтінін айтып отыр.

Шымкенттің дене шынықтыру және спорт басқармасында ITF тхэквондо федерациясы жарысты заңсыз өткізді деп отыр.

«Азия чемпионаты бір жыл бұрын жоспарланатын шара. Республикалық федерация, спорт комитеті, мәдениет және спорт министрлігі бірлесе аккредитациядан өткізеді. Федерация аккредитациядан өтпесе, мәдениет және спорт министрлігі мойындамады деген сөз. Бұл жарыстарда оқыс оқиға болып қалса, кім жауап береді?», — деді басқарма жетекшісі Әлібек Нұртай.
Қазақстанның тхэквондо федерациясы полицияға арыз жазған. Олар өздеріне жергілікті спорт қауымдастықтары қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын айтып отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде