jasqazaq.kz

Азия чемпионатында алтын жүлде иеленді

21 сәуiр 2019, 17:17

Біріккен Араб Әмірліктерінде дзюдодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы алғашқы күннен-ақ бірнеше медальді қанжығасына байлады, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитеті.

Әйелдер арасында 48 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Галбадрах Отгонцэцэг қытай қызы Янан Лиден жеңіліп қалды, тағы бір қазақстандық Ақмарал Науатбек бесінші орынға табан тіреді.

Ерлер арасында 60 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев үшінші орын алды.
Қазақстандық дзюдошы қыз Севара Нишанбаева 57 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде үздік ойын өрнегін көрсетіп, қола жүлдені иеленген.

66 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Ерлан Серікжанов пен Елдос Жұмақанов арасындағы жекпе-жекте Ерлан жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды. Ал Жұмақанов иығынан жарақат алып, татамиге шықпады.
Бірінші күннің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, екі күміс және екі қола бар.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда