jasqazaq.kz

Әзірбайжанда әскери бөлімде жарылыс болды

06 шiлде 2019, 16:41

Әзірбайжанда әскери бөлімде жарылыс болды, екі әскери қызметкер қаза тауып, біреуі қатты жарақат алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

«6 шілдеде таңертең әскери бөлімдердің бірінде жазатайым оқиға болды. Әскери қызметкер танк снарядының зарядын қолынан түсіріп алды, содан кейін жарылыс болды. Салдарынан, екі әскери қызметкер қаза тапты: Агаларов Амиддин Шахмалы оғлу және Салахов Самир Чингиз оғлу. Мамедов Нұрлан Рагим оғлу ауыр жарақат алды», — деп хабарлады Әзірбайжан қорғаныс министрлігі өкілдері. ТЖ дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Еске салсақ, 24 маусымда Түркістан облысында Арыс қаласында әскери бөлім аумағында оқ-дәрілер жарыла бастады. Қалада 45 мың адам тұрады, олардың барлығы үйлерін тастап, жақын маңдағы қалаға қашты. Қайғылы оқиғадан бір қала тұрғыны мен екі әскери қызметкер қаза тапты. Жарылыс салдарынан ғимараттардың 80 пайыздан астамы зақымданды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда