jasqazaq.kz

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

13 қыркүйек 2022, 16:21

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі халықаралық әскери ынтымақтастық департаменті бастығы, генерал-майор Гусейн Махмудов Бакуде аккредиттелген шетелдік әскери атташелерге брифинг өткізді. Бұл туралы Әзірбайжан әскери ведомствосы сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Шет мемлекеттердің өкілдеріне мемлекеттік шекараның Дашкесан, Кельбаджар және Лачин бағыттарындағы Армения Қарулы Күштерінің ауқымды арандатулары туралы толық ақпарат берілгені айтылды.

«Кейінгі жылдары армян тарапының осы бағыттардағы позицияларымызды жүйелі түрде атқылауының басты мақсаты – бейбіт келісімге қол қоюды және азат етілген аумақтарда жүргізіліп жатқан ауқымды құрылыс-қалпына келтіру жұмыстарын кейінге қалдыру», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, министрлік Арменияның әскери арандатуы халықаралық құқықтың негізгі нормалары мен қағидаттарын, сондай-ақ 2020 жылғы 10 қарашадағы үшжақты мәлімдемелер ережелерін өрескел бұзу саналатыны айтылды.

«Армян тарапының Әзірбайжанға қарсы кезекті агрессиясы халықаралық құқықтың іргелі нормалары мен қағидаттарын, сондай-ақ Әзірбайжан, Армения және Ресей Федерациясының басшылары қол қойған үшжақты мәлімдемелердің ережелерін өрескел бұзу болып саналады (2020 жылғы 10 қараша). Арменияның бұл қадамдары қарым-қатынастар мен бейбітшілікті қалыпқа келтіру үдерісіне толығымен қайшы келеді», — делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде