jasqazaq.kz

Әзірбайжан қазір Қазақстанның моральдық және саяси көмегіне мұқтаж

05 қазан 2020, 20:50

Әзірбайжан Қазақстаннан Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында Арменияны тоқтатуды сұрап отыр. Біздің елдің әзір оған қатысты ресми мәлімдемесі шыққан жоқ. Ал Таулы Қарабақтағы атыс-шабыс осымен сегізінші күн жалғасып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Әзірбайжан жағы бүгінге дейін 10 елдімекенді басып алғанын мәлімдесе, Армения оны жоққа шығарып әлек. Соңғы мәліметтер: Армения премьер-министрі Никол Пашинянның айтуынша, жағдайдың ушыққаны соншалық, қазіргі қақтығыс 2016 жылғы оқиғадан анағұрлым күрделі. «Жағдайды ушықтырып отыр» деп, Түркияны айыптайды. «Сол үшін Түркия өз әскерін араластырып, тіпті Сириядан лаңкестерге дейін әкеліп жатыр» — дейді Пашинян.

Никол Пашинян, Армения премьер-министрі:

— Мұның барлығы Түркияның империалистік мүддесінің айғағы. Олар баяғы Түрік империясын қайта құрғысы келеді. Оның үстіне Түркия араға 100 жыл салып, армян халқына геноцид жасау үшін Оңтүстік Кавказ аумағына қайта оралып отыр. Өйткені армяндар қазір Түркияның солтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысқа қарай өрісін кеңейтуіне соңғы кедергі болып тұр.

Пашинянның айтуынша, Еуропа Түркияны қазір тоқтатпаса, олар осы қарқынмен Австрияға дейін баруы мүмкін. Алайда Әзірбайжан бұл соғысқа түрік әскерінің араласуын мүлде жоққа шығарып отыр. Ел президенті Илхам Әлиев кеше Жәбрәйіл қаласы мен тағы 9 ауылды бақылауына алғанын айтқан. Және олар мұнымен тоқтамақ емес.

Илхам Әлиев, Әзірбайжан президенті:

— Армяндарды Ливаннан Қарабаққа көшіру деген не? Ол – Женева конвенциясының бұзылуы. Минскі тобы мен Еуроодақ оған мән бермейтінін айтты. Енді неге қазір назар аудара қалды? Бізді қазір жоқтан өзгенің бәріне кінәлайды. Қарабақ – біздің жер. Біз сонда ораламыз. Қазіргі жағдайға ең алдымен Армения билігі мен біздің жердің жау қолында қалғанын қалайтын бірқатар елдер кінәлі.

Бейбіт келісімге келу үшін Әзірбайжан тарапы бірқатар талап қойып отыр – Армения Таулы Қарабақтан әскерін алып кетуі керек. Және аумақтың Әзірбайжан жері екенін мойындап, Әзірбайжан халқынан кешірім сұрауы керек. Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан әзірге көмек сұраған жоқ. Дегенмен бірер күн бұрын ел аумағы атқыланып жатқанын дәлелдейтін деректер көрсететінін мәлімдеген. Әзірбайжан қазір Қазақстанның моральдық және саяси көмегіне мұқтаж. Біздің елден Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы арқылы Арменияға тоқтау салуды сұрап отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде