jasqazaq.kz

Әзірбайжан Арменияны сотқа берді

24 қыркүйек 2021, 10:41

Әзірбайжан БҰҰ Халықаралық сотына жүгініп, Ереванның нәсілдік кемсітудің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияны жүйелі түрде бұзғаны үшін Арменияның үстінен арызданды, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Тиісті ақпарат соттың сайтында жарияланған.

Әзірбайжан Республикасы бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі заңды органы — Халықаралық сотына Армения Республикасына қатысты нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияның бұзу фактілері бойынша арызданып, іс қозғауға түрткі болды, делінген сот сайтында жарияланған хабарламада.
Әзірбайжанның шағымы бойынша, «Армения әзірбайжандықтарға ұлттық және этникалық шығу тегіне байланысты бірнеше кемсітушілік әрекеттер жасады әрі оны жасап та келе жатыр».

Сондай-ақ арызда Халықаралық соттың бұл шағым бойынша қандай да бір шешімі шыққанға дейін Арменияға қарсы уақытша шаралар қолдану туралы талап та бар.

Қыркүйек айының ортасында Армения БҰҰ Халықаралық сотында Әзірбайжанға қарсы тура осындай талап-арызбенен жүгінген. Оған байланысты сот талқылауы басталып та кеткен.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия